Beeline

Секция

Жұмыс уақыты

С 10:00 до 22:00

Телефон

Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсететін әмбебап оператор. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер.

2016 жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 9 миллионнан астам клиент Beeline қызметін пайдаланады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі болып табылады. Қазір «Veon» - абоненттер саны бойынша әлемде жетінші орынды иеленеді. 2016 жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша, компания 230 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетеді.