Спорт-бар және боулинг Drive in

Batyr mall СОСО-ның 2 –ші қабатында орналасқан. Ең жаңа жабдық, 10 жол, дәмді тағамдар мен сусындар, тамаша демалудың кепілі болып табылатын сайыс пен құмарлық атмосферасы.

Спорт-бар және боулинг Drive In сүйікті футбол командасына жанкүйер болушылардың ең үздік талаптарына сәйкес құрылған. Орасан зор теледидарлар спорт шайқасының барысын on-line режимде байқауға мүмкіндік береді, құмарлық атмосферасын ең үздік американдық дәстүрдегі дәмді және тойымды ет тағамдары, сонымен қатар Harley Davidson стилінде салынған ішкі көрініс толықтырады

Viking Land ойын-сауық паркі

Viking Land отбасылық ойын-сауық паркі - ол 25 аттракцион, аумағы 2000 м2-ден астам алаңдағы 50-ден астам ойын автоматтары, сайыстар, ойын бағдарламалары және телегей-теңіз оқиғалар. Штаттық аниматорлар әртүрлі шеберлік сабақтарын, ойын бағдарламаларын және квесттерді ұйымдастырып, баланың демалысын ұмытылмас және алуан түрге айналдырады.

«Таверна Викингов» отбасылық мейрамханасы аңызға айналған Скандинавияның мекендеушілерінің ежелгі тұрмысы қандай болғаны туралы түсінік береді.

IСЕ Arena мұз кешені

IСЕ Arena - бұл қазіргі заманға лайық мұз кешені. Электронды өткізу жүйесі минутпен есептейтін баға белгілеуімен, сақтау үшін қазіргі кездегі камералары бар шешінетін бөлмелер, барлық өлшемдегі конькилердің жалға берілуі, конькиді қайрайтын бекет, ылғи таза мұз, музыка және әсерлі жарықтандыру мұз айдынында уақыт өткізу үшін тамаша жағдай тудырады.

Ice cafe – келушілер үшін жылынуға және белсенді демалыс аралығында ас жеп әлденулеріне арналған мұз кешенінің стильдеген дәмханасы

Festival Cinema кинотеатры

Бұл әлемдік кинопрокаттың соңғы үрдістеріне сәйкес келетін ең жаңа технологиялармен қамтылған заманауи кешен

Кинотеатр 4 Dolby 3D залды қамтиды: 1 үлкен Dolby Atmos залы (245 қондырмалы орын) 3 кіші Dolby Digital зал

Veranda гриль бары

Veranda - ол жанұя және достар арасында демалуға арналған Batyr mall ССО маңында көлдің жағасында орналасқан жаңа, концептуалды, жайлы гриль-бар, «Veranda» гриль-барының залдарында 150 қондырмалы орын, тағы 200-і - дәл көлдің қасында көше террасаларында және шатырда орналасқан.

Мұнда ет қақтамасы, сонымен қатар Еуропаның және Азияның тағамдары дайындалады.

Гриль-бардың ішкі көрінісі еуропалық стильге тән заманауи лофт және әйгілі суретшілердің суреттері бар әдемі тақырыптық залдарды үйлестіре білген

Катамарандармен серуендеу

Әр катамаранға 4 адамға дейін сияды. Саяхат кезінде қонақтар ұмытылмас атмосферамен рақаттанып, парктің табиғатын қызықтайды. Катамарандармен серуендеу - бүкіл отбасымен уақытты жақсы өткізудің тамаша тәсілі.

Алдымен жарнамалық акциялар мен оқиғалар туралы біліңіз